|
17.11.2023 | 19:25
2595

Алматыда жол қауіпсіздігі күшейтілді

Қала аумағында жүзден аса бейнебақылау камерасы жұмыс істеп тұр

Алматыда жол қауіпсіздігі күшейтілді Сурет: Аlmaty.tv

Алматыда жол-көлік оқиғаларының саны азайды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі. 

Қалалық Полиция департаментінің ақпараты бойынша, оқыс жағдай өткен жылмен салыстырғанда 100 апатқа аз тіркелген. Мегаполис көшелеріндегі қауіпсіздікті күшейту үшін тәртіп сақшылары жол ережелеріне бірқатар түзетулер енгізуде.

Тағдыр тәлкегіне түсіп, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа тап болған және жол-көлік оқиғасына ұшыраған азаматтың бәрі «102» нөміріне қоңырау шалады. Жедел ақпараттық орталық жұмысының арқасында қылмыстың ізі суымай ашылып, қоғамдық орындарда жасалған құқық бұзушылықтар жылдам анықталады.

 – Бізге хабарласқан азаматтардың 20% орталыққа анықтамалық сұрақпен хабарласады. Мұндай қызмет инспектор құзыретіне кірмесе де тұтқаны қоймай түсіндіріп жатады. Ал қылмыс туралы қоңырау түссе, бірден жауапты аудан офицеріне хабар береміз. Ол патрульдік полицияны оқиға орнына жібереді, - дейді Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Полиция департаментінің мәліметіне сенсек, биыл 10 айдың ішінде Алматыда 2 991 жол көлік оқиғасы тіркеліп, салдарынан 84 адам көз жұмды. 3 211 адам жарақат алды. Көлік құралын мас күйінде басқарған 1 718 жүргізуші ұсталып, сот 2 443 жүргізушіні көлік құралын басқару құқығынан айырды. Ал 2022 жылы қарашадағы көрсеткіш бойынша қалада 3 073 жол апаты тіркелді.  Соның салдарынан 81 адам қаза тауып, 3 496 адам зардап шекті. Көлік құралын мас күйінде тізгіндегендер саны 1 718 болса, жүргізуші куәлігінен 2 496 адам айырылды.

– 2022 жылмен салыстырғанда 10 айдың ішінде жол-көлік оқиғасы 2,7% азайған. Апаттан зардап шеккендердің саны да кеміген. Сонымен қатар самокаттарға қатысты заң шықты. Қос дөңгелекті құрылғыны  18 жасқа толған азаматтар ғана тізгіндей алады. Әрі басында шлемі мен жарыққа шағылысатын элементі бар киімі болуы керек, - дейді Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Айта кетейік, қазір қала аумағында 132 мың бейнебақылау камерасы жұмыс істеп тұр. Олар тек мегаполис көшелерін емес, әлеуметтік нысандарды бақылап отырады. Жыл басынан бері Алматыда мопедтің қатысуымен 300 астам жол-көлік апаты болып, 14 адам қаза тапты. 11 айдың ішінде оны тізгіндегендердің үстінен 10 мыңнан астам әкімшілік хаттама толтырылып, жол ережесін бұзғаны үшін 1,5 мыңнан астам мопед айып тұрағына жөнелтілді.

Гүлмарал Изатқызы, Әмина Үсенова, Хангелді Ахметханов, «Алматы» телеарнасы

Оқи отырыңыз: Павлодар-Семей тасжолында көлік апатынан бір адам қаза тапты

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир