Құқық қорғау органдарында мерзімінен бұрын атақ беру тәртібі өзгереді

Almaty.tv
Almaty.tv
Енді көтермелеу ретінде мерзімінен бұрын атақ-шендер беру тәртібі күшейтіледі
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Құқық қорғау органдарында мерзімінен бұрын атақ беру тәртібі өзгереді. Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында тиісті заң жобасын талқылау кезінде ҚР Бас прокурорының орынбасары Әсет Шыңдалиев айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Оның айтуынша, көтермелеу ретінде мерзімінен бұрын атақ-шендер беру тәртібі күшеймек. Қазіргі заң бойынша қызметкерлерге көтермелеу арқылы 6 рет атақ-шен беруге болады. Ал енді Заң жобасында көтермелеу арқылы атақтарды екі-ақ рет беру ұсынылып отыр. Сонымен қатар құқық қорғау органдарына қызметке қабылдауда жаңа өзгерістер енгізіледі.  

«Орта және жоғары лауазымдарға келсек, бұл қызметтерге құқық қорғау әрі арнайы органдарда, мемлекеттік және әскери қызметте бұрын болғандар, судьялар қабылдана алады. Олар конкурс арқылы және конкурстан тыс тәртіпте қызметке алынады. Осы мәселе бойынша заң жобасында бірқатар өзгеріс ұсынылған. Конкурс арқылы негізінен аға басшысы құрамдарға жеткілікті тәжірибесі бар адамдар тағайындалады», – деді ҚР Бас прокурорының орынбасары Әсет Шыңдалиев.

Новости партнеров