Алматыда «Шығармашылық аймақ» құрылады

12.11.2019 16:00

Байқаудың мақсаты – К. Байсейітова көшесін музыкалық кештер, көрмелер өткізіп, қала тұрғындары жиі келетін мәдени орынға айналдыру

yandex.uz

Қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасының мәліметінше, Алматы қаласының тарихи орталығын жақсарту аясында Байсейітова жаяу жүргіншілер көшесін, Абай атындағы Мемлекеттік академиялық Опера және балет театры мен Қазақстан-Британ техникалық университетінің саябақтарын  безендіру (сквер) бойынша эскиз-жобаны әзірлеу бойынша «Шығармашылық аймақ» конкурсы өтеді деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Күләш Байсейітова атындағы көше қала орталығында жайлы орналасқанына қарамастан тұтастығы мен ашықтығынан айырылған транзиттік аймақ ретінде пайдаланылады. Осыған байланысты қайталанбас шығармашылық ахуал қалыптастыратын аймақ ретінде К. Байсейітова көшесін, сондай-ақ оған іргелес аймақтардың мүмкіндігін ашатын тұжырымдаманы әзірлеу туралы шешім қабылданды. Сондай-ақ, тұжырымдамаға «Неделька» субұрқағын қайта жаңарту жөніндегі жобалық шешім енгізіледі.

Онлайн өтінім басқарманың ресми сайтында https://almaty.uaig.kz/kvartal «Тарихи орталықтағы шығармашылық аймақ» бөлімінде беріледі. Өтінім қысқаша сипаттамасы бар эскиздік жобадан және де төменде көрсетілген құжаттардан тұрады:

- аумақты талдау;

- аумақты функционалдық аймақтарға бөлу сызбасы;

- аумақты 3D визуализациялау;

- безендіру элементтері;

- әлеуметтік мәдени бағдарлама.

Конкурс қатысушылардың өтініші бойынша дрондардан топотүсірілімдер мен жергілікті жердің фотосуреттері жіберіледі. Конкурстық жұмыстар 2019 жылдың 14 желтоқсанына дейін қабылданады. Сайтта дауыс беру 2019 жылдың 15 желтоқсанынан 25 желтоқсанына дейін өтеді. Қазылар алқасы іріктелген жұмыстарды бағалауы 2019 жылдың 25 желтоқсанынан 27 желтоқсанына дейін жүргізіледі. Жеңімпаз 2019 жылдың 30 желтоқсанында анықталады. Жазғы маусымға Байсейітов көшесі мен оған жақын орналасқан скверлерді өзгеше көркем келбетке енуі үшін аумақты абаттандыруды келесі жылдың көктемінде бастау жоспарланған.

Еске салсақ, Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев 2019 жылы 2 қарашада «Шығармашылық аймақ» байқауын өткізуді тапсырған еді. Байқаудың мақсаты – К. Байсейітова көшесін музыкалық кештер, түрлі тақырыптық көрмелер, көше қойылымдары мен көріністері әрі қала тұрғындары жиі келетін мәдени орынға айналдыру.