|
07.08.2019 | 19:42
4032

Алматыдағы ең қымбат Медеу ауданында жол мен су мәселесі шешілмей тұр

Қордаланған мәселелерге ертең аудан әкім Сұлтанбек Мәкежановтың өзі тікелей эфирде жауап береді

Алматыдағы ең қымбат Медеу ауданында жол мен су мәселесі шешілмей тұр

Қаланың көркі саналған Терренкур өзенінің ластығын айтқан тұрғындар бізге жанайқайын жеткізді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

«Мен осындағы тұрғын үй кешенінде тұрамын. Мұнда бала-шаға өте көп. Күннің ыстығында олар өзенді жағалап ойнайды. Бізді алаңдатып отырған – қауіпсіздік мәселесі. Кейде су мөлшерден тыс тасып кетеді, кейде ақырын ағады. Оның үстіне соңғы рет қашан тазаланғанын да білмейміз. Не қоршау жоқ, суы лас. Бала тұрмақ үлкендер де құлап кетуі мүмкін», – деді аудан тұрғыны Рита ШЕПЕТОВА.

Ал "Думан" шағын ауданының тұрғындарын жол және су мәселесі шаршатты. Су құбырын жасаймыз деген желеумен жолдарды қазып тастаған. Енді су беру жүйесі нақты бір жолға қойылмаған. Ал қопарылған жол думандықтардың зығырданын қайнатқан.  

«Думан ықшамауаднының көшелерінің сиқы осы. Келді де, біреулер қазып-қазып бәрін жасады. Бірақ жауын бәрін шайып кетті. Содан бері әлі жасалмай жатыр», – деді Сәрсен КАСИМОВ.

«Суға жиналып ақша төлейміз. Соны әрқайсымызға квитациямен төлейтіндей қылып жеке шығарып берсе. 12 отбасы бармыз мұнда», – деді Жазира есімді тұрғын.

Ал бау-бақшаны суару бұл маңда тұратындардың арманына айналған сияқты. Күннің ыстығында жер кеуіп кетсе, көктем, күз айларында арықтың жоғанына көшені су шайып кетеді.

«Көшенің басына арық жасалмаған. Талғар тас жолынан қарағанда біздің көше төменде жатыр. Сонан кейін көктемде, күзде жауынның ағын суы көшемізге аққан кезде жерін шайып кетеді.  Ол аз болса, бізде жарық жоқ»,  – деді Бақтыбай Есмағамбетов.

Медеу ауданындағы осыншама қордаланған мәселелерге қатысты әкім Сұлтанбек Мәкежановтың өзі жауап бермек. «Алматы» телеарнасында әр сейсенбі және бейсенбі күндері  тікелей эфирде шығатын «Акимат лайф» бағдарламасында ертең Медеу ауданының әкімі келеді. Сұрақ қоям деушілер Алматы телеарнасының сайтына жолдауға болады.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

MAQALADA

жалобы
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир