Бір анығы, орташа жылдамдықты 60-қа түсірілгенімен, апатты жағдай азаймаған
Көлік жүргізушілеріне жағымды жаңалық. Әл-Фараби даңғылына сағатына 80 шақырым жылдамдық режимі қайтарылды. Оған қоса, Саин көшесінде және Шығыс айналма автокөлік жолында жылдамдық режимі де өзгерді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Осы мәселеге қатысты көлік жүргізушілерінен Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев тағайындалғаннан бері 800-ден астам өтініш жолдан. Бір анығы, орташа жылдамдықты 60-қа түсірілгенімен, апатты жағдай азаймаған. Мұны Алматы қаласы қоғамдық кеңесі де жөн көргендерін айтады.
«Осы уақытқа дейін жүргізушілер тарапынан сағатына 60 шақырым жылдамдықты алып тастау туралы өтінішітер келіп түсті. Бір топ заңгерлер, тәуелсіз автомобилистер одағы сағатына 60 шақырым енгізуге қатысты келген сараптамаларды жаспады. Бас жоспарды қарадық. Шығыс айналма жолын жобалау кезінде 80 шақырым деп көрсетілген», – деді Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің төрағасы Рахман АЛШАНОВ.
Естеріңізде болса, биыл 15 қаңтарда әл-Фараби даңғылы, Саин көшесі және Шығыс айналма автокөлік жолында орташа жылдамдық сағатына 80 шақырымнан 60-қа түскен болатын. Көрсетілген жылдамдықтан асып кеткен жағдайда 12 мыңнан 50 мың теңгеге дейін айыппұл қарастырылған. Шенеуніктер осындай қадам арқылы жол апатын азайтуды көздеген. Осы уақытқа дейін айыппұлдардың жалпы сомасы 65 миллион теңгеден асқан.