|
27.05.2020 | 19:28
6246

Алматыдағы ойын-сауық орталықтары санитарлық талаптарды қаншалықты сақтауда

Санитарлық талаптарды сақтамаған жағдайда, жұмысын қайта тоқтатуы мүмкін

Алматыдағы ойын-сауық орталықтары санитарлық талаптарды қаншалықты сақтауда

Алматыдағы жұмысын жандандырған ойын-сауық орталықтары санитарлық талаптарды сақтамаса, жұмысын қайта тоқтатуы мүмкін.

Бұл туралы қала әкімі Бақытжан Сағынтаев онлайн брифинг барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Қазіргі уақытта шаһардағы барлығы 21 ойын-сауық орталығының 17-сі іске қайта кіріскен. Оларды әр ауданда құрылған мобильді топ тексеріп тұрады.

Алматыда ірі сауда орындары қаншалықты санитарлық нормаларды сақтап жүр? Біз бүгін қаладағы ірі сауда орындарының біріне келдік. Онда камерамен кіруге рұқсат жоқ. Сондықтан мен сатып алушы ретінде кіріп, телефонға барлығын түсіріп алуға тырысамын.  

Бұл сауда нысанының кіреберісінен бастап тексеріс қатаң. Бетпердесіз келгендердің ішке кіруіне рұқсат жоқ. Сондай-ақ, дене қызуын тексеру барысында міндетті түрде ара қашықтық сақталуы тиіс. Ал, нысан ішінде жүргендердің барлығы дерлік бетперде тағып алған. Тек, кейбір сатушылардың масканы дұрыс тақпағаны болмаса.        

«Әр ауданда күн сайын нысандарға арнайы мониторинг жүргізіп отыратын жұмыс топтары құрылған. Олар ондағы санитарлық талаптардың қаншалықты сақталуын тексеріп отырады. Егер қандайда бір ереже бұзғандар анықталатын болса, онда олар әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Мәселен, сауда ойын-сауық орталығы талаптарды сақтамаған болса, әкімшілік сот оны уақытша жабу туралы шешім шығару мүмкін»,  – деді қалалық Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы басшысының орынбасары Қанат САҒЫНДЫҚОВ.

Бетперде тағып жүру әр адамның өз жауапкершілігі. Ал, мына сауда ойын-сауық орталығында да күзетшілер әр келуішінің температурасын қашықтан тексеріп, бетпердесінің бар жоғын қатаң қадағалап тұрады. Қулығын асырып бір бетпердемен екі адамның кіріп кетуіне мүмкіндік бермеді.

«Біз ең басты мақсатымыз – сатушылар мен тұтынушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Сондықтан нысанға кіреберістен бастап дезинфекциялық құрылғылар орнаттық және күні бойы сатушылар мен келушілерге түсіндірме жұмыстарын, яғни міндетті түрде бетпердемен жүру керектігін айтып отырамыз»,  – деді  Сауда ойын-сауық орталығының әкімшілік бөлімінің басшысы Санэма ӘЛІМЖАНҚЫЗЫ.

Айта кету керек, Алматыдағы барлығы 21 сауда ойын-сауық орталықтарының 17-сі жұмысына қайта кіріскен. Сондай-ақ, 70 сауда үйінің ішінен 60-қа жуығына рұқсат берілген. Бүгінгі күнге дейін уақытша карантин талаптарын сақтамаған 69 азық-түлік нысанына, 2 қоғамдық тамақтану орнына әкімшілік хаттама толтырылып, іс сотқа жіберілді.

Арнат Дүйсен, Қоблан Әлдибеков, «Алматы»  арнасы

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир