|
15.11.2023 | 19:29
2142

АрселорМиттал Теміртау компаниясы опат болған кеншілердің отбасына қандай көмек көрсетті

Кеншілердің отбасына 3 млрд теңге бөлінді

АрселорМиттал Теміртау компаниясы опат болған кеншілердің отбасына қандай көмек көрсетті Almaty.tv

«АрселорМиттал Теміртау» компаниясы қаза тапқан кеншілердің отбасына 3 млрд теңге бөлді, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Қара алтын қазамын деп қабір жастанып қалған 46 адамның отбасына 10 жылдық жалақы берілді. Бұл туралы Қарағанды облысының әкімі айтты. Ермағанбет Бөлекпаевтың ақпаратынша, асыраушысынан айырылған 20 отбасына мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы тағайындалған. 

Бұдан бөлек, 23 жасқа дейінгі жоғары оқу орындарында оқитын балаларға грант берілген. Сондай-ақ кеншілер мен олардың туыстарының несиелерін жабуға 300 млн теңгеден астам қаржы қарастырылып отыр.

–  Қайтыс болған кеншілердің отбасына жауапты адамдар бекітіліп, жерлеу рәсімін ұйымдастырылды. Күнделікті мәселелерін шешуге нақты қолдау көрсетілді. Әр отбасына жеке бардым. "АрселорМиталл Темиртау" 44 жанұяға қаржы бөлді. Қалған екі адамның құжаты жасалып жатыр. Бұл жұмыс әрі қарай да атқарылады, - деді Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир