Суды заңсыз пайдаланған коммерциялық нысандар анықталды

23.02.2024 00:29

Оларға бұл мәселені шешу үшін 1 маусымға дейін уақыт берілді

Almaty.tv

Жамбыл облысында су пайдалануға арнайы рұқсаты жоқ 300-ден астам коммерциялық нысан анықталды. Оның ішінде көлік жуу орындары, моншалар мен бассейндер бар. Бұл туралы облыстық прокуратура мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Құзырлы орган өкілдерінің сөзінше, кәсіпкерлер ауыз суды рұқсатсыз пайдаланып келген.

Айта кетейік, оларға бұл мәселені біржақты ету үшін 1 маусымға дейін уақыт берілді. Егер нәтижесіз болса, кәсіп иелері 40- 260 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл арқалауы мүмкін. Бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ауыз суды тиімді пайдаланудың маңызды екенін тілге тиек еткен.

– Заңдастырғаннан кейін мемлекетке есептегіш құрылғы бойынша ақша төлейді. Бұған дейін ешқандай есеп жүргізілмеген, – деді Табиғатты қорғау прокуратурасының аға прокуроры Еркін Әлмаханов.

Оқи отырыңыз: Медициналық ұйымдардағы несие қарызы тексеріледі - министр