Әскери қызметшілердің жалақысы өседі

Almaty.tv
Almaty.tv
Бұл туралы Призидент Қасым-Жомарт Тоқаев бүкілармиялық кеңесте мәлімдеді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Әскери қызметшілердің жалақысы өсетін болады. Бұл туралы Призидент Қасым-Жомарт Тоқаев бүкілармиялық кеңесте мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

2023 жылы әскери ұшқыштардың жалақысы орташа алғанда 60 пайызға өседі. Мұнымен қоса, саладағы оқытушылар мен дәрігерлердің айлығы артатынын жеткізді. «Олар тұрмысына алаңдамай, ел қорғауға сақадай сай болуы керек» деді Мемлекет басшысы. Сондай-ақ, елдегі әскери қызметшілерді зейнетақымен қамту мәселесі де қайта қаралып жатқанын атап өтті.

Қазір еліміздің күштік құрылымдары Қазақстанның қауіпсіздігін қас қақпай күзетіп тұр. Отанымыздың іргесі берік болуын қамтамасыз ету – әр азаматтың перзенттік парызы. Өмір жолын әскери қызметке арнаған мамандардың кәсіби міндеті, – деді ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.

Салтанатты жиында Мемлекет басшысы әскери қызметшілерді төл мерекелерімен құттықтады. Салада көп жыл еңбек еткен бірқатарын мемлекеттік наградамен марапаттады.

Новости партнеров