Жалпы жаз соңына дейін Алматыда 200-ден аса бала тынығады
Арыстан Алматыға демалуға келген әр балаға қала әкімдігі мектеп формасын сыйлады. Сондай-ақ, 10 күн тегін лагерьде демалдырды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Демалыс қызық өту үшін мамандар ашық аспан астында түрлі шеберлік сыныптарын да ұйымдастырыпты. Оған қоса, күндіз түні психологтар да көмектескен. Қазір 75 оқушы демалыстан үйлеріне қайтқалы жатыр. Жалпы жаз соңына дейін Алматыда 200-ден аса бала тынығады.
«Жалпы 10 күннің ішінде балаларға күнде әсерлі бағдарламалар дайындалды. Түрлі байқаулар мен мастер класстар өткіздік. Балалардың шыңдалуына, өнермен айналысуына барлық мүмкіндік жасадық. Сонымен қатар, балалар Алматының көрікті жерлерін аралап, жақсы әсер алды деп ойлаймыз», – деді Алматы қаласы білім басқармасының басшысы Гүлнар ҚОЖАБЕРГЕНОВА