Руслан Берденов есірткі саудасының артында лауазымды тұлғалар тұрғанын мәлімдеді

Almaty.tv
Almaty.tv
Ринат Зайытов мемлекеттік органдардың басшылары азаматтарды жеке қабылдауға міндетті екенін айтты
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Елімізде мемлекеттік органдардың басшылары мен олардың орынбасарлары азаматтарды қабылдамай жүр. Мәселесін айтып келген ағайын министрліктің табалдырығынан ары аттай алмайды. Бүгін мәжілісмен Ринат Зайытов Бас прокуратураның осындай басшыларды жазалауын талап етті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Депутат Ринат Зайытов мемлекеттік органдардың басшылары мен олардың орынбасарлары айына кемінде бір рет азаматтарды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауға міндетті екенін айтты. Алайда бұл норма орындалмай келеді. Мәжілісмен мәселесін айтуға келген мұқым ел, әділдік таппай сандалатынын жеткізді. Ашуға булыққан депутат Бас прокурор Берік Асыловқа лауазымды тұлғалардың мұндай әрекетін тоқтатуын талап етті.

– Лауазымды тұлғалар мен халықтың арасында кедергісіз байланыс орнату жолын қарастыруыңызды және азаматтардың арыздары сырғытпа жауап деңгейінде қалмауын қадағалау жүйесімен қамтамасыз етулеріңізді, тіпті болмаса, депутаттардың ана есігі көрінбейтін кабинеттерге елдің өтінішін жеткізуге мүмкіндік беруіңізді Қазақстан Республикасының парламенті мәжілісі регламенті 11 тарау, 149 тармағына сәйкес талап етемін, – деді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ринат Зайытов

Ал депутат Руслан Берденов есірткі саудасының артында лауазымды тұлғалар тұрғанын мәлімдеді. Мәжілісмен зиянды заттың Қазақстанға кіру жолдарының бірден-бір жолы шекара болғандықтан, олқылық сол жақтан кетіп жатыр деп күмәнданады. Сондықтан Үкімет басшысына бірнеше ұсынысын айтты. Қазір елімізде 37 мыңнан астам сотталғандардың 8 пайызы есірткі қылмысына қатысты жазасын өтеп жатыр.

– Осы топтардың артында жоғары лауазымды мүдделі тұлғалар бар екен анық. Осыған орай нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күреске бағытталған 5 жылдық кешенді жоспарда Ішкі істер, Әділет, Денсаулық сақтау, Ғылым және жоғары білім, Оқу-ағарту, Цифрлық даму министрліктері, Шекара қызметі мен Ұлттық қауіпсіздік комитетіне нақты шараларды бекітіп, алдын алу, себептерін анықтау және салдарымен күресуге қатысты толықтыруларды бірлесіп енгізуді ұсынамын, – деді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Руслан Берденов.

Депутаттар Үкіметке бұқаралық спортты дамыту, Астана опера ұжымының жалақысының аздығы, Батыстағы тас жолды жаңарту және жедел-жәрдем қызметі сапасының төмендігі туралы депутаттық сауал жолдады.

Өмір Серікбекұлы, Нұрлан Өтегенов, Дастан Темірбекұлы, «Алматы» телеарнасы, Астана

Оқи отырыңыз: Павлодар облысына жылу беріле бастады



Новости партнеров