Жүк көлігін жөндеп жатқан: Қызылорда облысында жұмысшы қаза тапты

elements.envato.com
elements.envato.com
Куәгерлер қайтыс болған адамның ЖШС-де жұмыс істегенін растады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қызылорда облысында тұрғын ЖШС-дегі жұмыс орнында «КамАЗ» автокөлігін жөндеу кезінде қаза тапты, деп хабарлайды Аlmaty.tv Жоғарғы соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қайтыс болған жұмысшының әйеліне Қызылорда облысының Бақылау жөніндегі басқармасы қаза тапқан адам мен ЖШС арасындағы еңбек қатынастарын растайтын құжаттың жоқтығы негіз болғанына сүйеніп, тексеру жүргізуден бас тартқан.

Осыған байланысты әйел сотқа жүгінген. Талап қоюда ол жұмыс берушінің техника қауіпсіздігі шараларын сақтамағанын және жұмысшымен еңбек шартын ресімдемегенін атап көрсеткен.

«Сотта жұмысшы мен ЖШС арасында жасырын еңбек қатынастары болғаны көрсетілді. Еңбек шартының, жұмысқа қабылдау және жұмыстан босату туралы бұйрықтардың, зейнетақы аударымдарының болмауы қайтыс болған адам мен ЖШС-ның арасындағы еңбек қатынастарын тану мүмкіндігін жоққа шығармайды.

Жұмысшыға ЖШС аумағында жұмыс істеуге рұқсат етілгені анықталды. Ол қызметтік көлікті жүргізіп, қолма-қол ақшамен және банктік картамен жалақы алған, бірақ жұмысшы мен ЖШС арасында еңбек шарты жасалмаған», - делінген сот хабарламасында.

Куәлер қайтыс болған адамның ЖШС-де жұмыс істегенін растады.

Облыс әкімінің атына бақылау Бақылау жөніндегі басқарманың әрекеттерінде жол берілген заңбұзушылықтар туралы жеке ұйғарым жолданды.

Оқи отырыңыз: Шымкентте жалдамалы пәтерден шетелдік екі студенттің денесі табылды

Новости партнеров