|
19.12.2019 | 19:33
4265

Аружан Саин мектеп-интернаттан қашып кеткен жасөспірімге қатысты үндеу жариялады

Оның қашып кетуіне мектептегі жасы үлкен балалардан көрген әлімжеттік себеп болуы мүмкін

Аружан Саин мектеп-интернаттан қашып кеткен жасөспірімге қатысты үндеу жариялады

Алматыда 12 желтоқсан күні мектеп-интернаттан қашып кеткен 15 жасар Дамир Серікұлын іздестіру шаралары жалғасуда. Полиция департаменті мен еріктілер із-түзсіз жоғалған жасөспірімді табу үшін барлық шараларды жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Дамир сырт киімі мен ұялы телефонын бөлмесінде қалдырыпты. Интернаттан қашып кетуіне бірден-бір себеп – мектептегі жасы үлкен балалардан әлімжеттік көруінен болуы мүмкін. Ол -  бойы 165 сантиметр, қой көзді, көзілдікті жігіт.

«Дәл қазір біз Алматы қаласы білім беру бөлімімен сөйлесіп отырмыз. Ерекше балаларға арналған мектеп интернаттағы оқушыларды қамқорлыққа алуымыз керек. Олар бір-бірімен келіспей қалса, бейбіт түрде татуластыруымыз керек. Себебі оларда басқа мектепке, басқа ортаға ауысамын деген таңдау жоқ қой, олар арнайы мектепте оқып жатыр. Сондықтан, Дамирді біз табамыз деп ойлаймын, және оны біз бақылауымызда ұстаймыз», - деді ҚР Балалар омбудсмені Аружан САИН.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир