Алматы полициясы қару қабылдау науқанын бастады

18.01.2022 00:33

Қару мен оқ-дәрілерді тапсырған адамдар қылмыстық жауапкершіліктен босатылады

ehonews.kz

Алматы қаласының Полиция департаменті қару қабылдау науқанын бастады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.  

Заңсыз қару сақтаған азаматтарға оларды жақын жердегі полиция басқармасына өз еркімен тапсыруға мүмкіндік беріледі. Сонымен қатар, ҚР ҚПК-нің 287 бабына сәйкес, қару мен оқ-дәрілерді тапсырған адамдар қылмыстық жауапкершіліктен босатылады.

«Ұрланған қару-жарақ, оқ-дәрілер және арнайы құралдар туралы ақпарат білетін болсаңыз, «102» пультіне хабарласуыңызды сұраймыз, анонимділікке кепілдік беріледі. Заңсыз сақталған қару-жарақ пен оқ-дәрілерді өз еркімен бермеген азаматтар анықталған жағдайда қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын ескертеміз», - делінген қалалық комендатураның баспасөз хабарламасында.  

Қосымша сұрақтар бойынша мына телефондар арқылы хабарласуға болады: 8-747-333-91-60; 8-777-346-44-77.