Астанада өртенген үйден 2 адамның денесі табылды

Almaty.tv
Almaty.tv
Тілсіз жауды сөндіруге келген төтеншелік те жарақат алды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Астанада тұрғын үйден өрт шығып, 2 адам зардап шекті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Сарыарқа ауданындағы екі қабатты баспананың шатыры қызыл жалынға оранып, сол жерде тұратын 89 жастағы қария газға уланып қалған. Ол дереу жедел жәрдем қызметімен №1 көпбейінді қалалық ауруханаға жеткізілген. Сондай-ақ тілсіз жауды сөндіруге келген төтеншелік те жарақат алды. Құтқару кезінде оның басына ауыр зат түсіп зақымдалған. 2001 жылы туған азамат қазір №3 көпбейінді қалалық ауруханада жатыр.

– Жәдел жәрдем қызметімен №3 көпбейінді қалалық ауруханаға жеткізілді. Нейрохирург тексерді. Сонымен қатар өрт болған жерде 2 күйген дене табылды, полиция қызметкерлеріне берілді, – деді Астана қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының ресми өкілі Айжан Ақай.      

Оқи отырыңыз: Түркістанда цехтан өрт шығып, екі қызметкер ауруханаға түсті 

Новости партнеров