Алматыда жазушы Дүкенбай Досжанұлының үйіне ескерткіш тақта қойылды

Алматыда жазушы Дүкенбай Досжанұлының үйіне ескерткіш тақта қойылды
Жазушының шығармалары әлемнің 20 тіліне аударылған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда көрнекті жазушы, Мемлекеттің сыйлықтың лауреаты Дүкенбай Досжанұлының өзі тұрған үйіне ескерткіш тақта қойылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

15 жасынан әңгіме жазуды бастаған қазақ руханиятында өзіндік қолтаңбасы бар қаламгер оннан астам роман, хикаяттары мен әңгімелердің авторы. Қазақ халқының терең тарихын көркемсөзбен қағаз бетіне түсірген тұлғаның шығармалары әлемнің 20 тіліне аударылған.

«Қазақ әдебиетінде, қазақ жазушыларының бел ортасында күнделікті жұмыс істеу Бальзак сияқты тәртіп орнатқан өзіне. Ішкі мәдениетіне, жазушылық кухнясында Дүкенбайға жететін ешкім жоқ. Сол баяғы қара түнектен кейінгі біздің қазақ сенің арғы тегің алып империя міне, соның суреті деп соның елесі деп көрсеткен осы Дүкенбай болатын», - деді Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Қалила ОМАРОВ.

Новости партнеров