|
29.11.2022 | 19:35
2797

Қаңтар оқиғасы: Қару-жарақ қоймасын күзеттік - Ақтан Зайнолда

Ғимаратты басып алмақ болған бүлікшілер Полиция департаментіне үш жақтан шабул жасаған көрінеді

Қаңтар оқиғасы: Қару-жарақ қоймасын күзеттік - Ақтан Зайнолда Almaty.tv

Қару-жарақ қоймасын күзеттік. Қаңтардағы тәртіпсіздік кезінде Алматы қалалық Полиция департаментін басып алуға жол бермеген құқық қорғаушы Ақтан Зайнолда сол кездегі әріптестерінің ерлігін айтып мақтанады.  Ол "мекемеге 27 рет шабуыл жасалса да, берілмеген, өз қызметтік міндетін абыроймен атқарған тәртіп сақшыларының еңбегі ерен" деп атап өтті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Бесінші қаңтардағы түні қалалық Полиция департаментіне шабуыл жасалып, қаскөйлер арнайы әскери әдіс арқылы ғимаратқа басып кірмек болған. Видеодан олардың оқсауыт пен қорғаныш қалқандарын қолданғаны анық көрінеді. Тәртіп сақшылары арам пиғылдылардың бұған арнайы дайындалғанын айтады.

«Жиырма жеті рет Полиция депратаментіне шабуыл жасалды. Күндіз айдап кеткен әскери камазды қолданды. Сол камазбен біздің қақпаны сүріп өтек болды. Мысалы бір топтың міндеті бейнекамераларды істен шығару болса, екінші топ жарақат алған өздерінің нөкерін жинап алып кетіп отырды. Бұл негізі арнайы дайындықтың белгісі. Осы үш ғимаратты небәрі жүз-ақ полиция қызметкерлері қорғады. Қалған полиция қызметкерлері алаңда болды», – деді Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Тәртіпсіздік кезінде бүлікшілерге қару-жарақ қажет болды деген аға инспектор Ақтан Зайнолда шабуыл жасағандар алдымен терезеге тас лақтырып, артынша өрт қойғанын айтады. Содан соң суық қару асынған снайперлер оқ жаудара бастапты.

«Департаменттегі барлық қызметкер қолына қару алып, қорғау жұмысымен айналысты. Себебі біздің түсінгеніміз полиция департаментіне шабуыл жасап, кіріп кеткен жағдайда, осы жердегі барлық қаруды алып, қаланың өзге аймағына зақым келтіретін еді. Әр азамат қаруды оқтауды білмейді ғой. Ал оларға қарасақ оқтап бір біріне беріп, сөйтіп екі үштен топпен жұмыс жасады», – деді Полиция департаменті арнайы және жұмылдыру дайындығы басқармасының аға инспекторы Ақтан Зайнолда.

Ғимаратты басып алмақ болған бүлікшілер Полиция департаментіне үш жақтан шабул жасаған көрінеді. Ал қорғануға бекінген снайперлер шатырда орналасыпты. Байқасаңыз бүлінген тұстары әлі де байқалады.

«Жұмыс болғасын ерлік деп айта алмас ем. Ал барлық қызметкердің сол жерде болуы, департаментті қорғап қалуы – ерлік деп айта аламын. Себебі олардың әрқайсысы маңызды екенін түсінді. Қара басының қамын ғана ойлаған жоқ», – деді деді Полиция департаменті арнайы және жұмылдыру дайындығы басқармасының аға инспекторы Ақтан Зайнолда.

Сол күні Алмалы ауданы Полиция бөлімшесі де қатты зардап шегіпті. Мекеменің сыртқы есіктері сынып, кеңсесі өртке оранған. Ал қалалық полиция департаментін шабуылдау екі тәулікке созылған.

«Қазіқ тілінде сөйледі. Түстен кейінгісағат 16:00-де бір екі адам келді. «Беріліңіздер, әйтпесе түстен кейін келіп, қырып-жойып бастарыңызды кесіп аламыз» деп талап қойды. Осы қаңтар оқиғасына қатысты барлық қылмыстық істі, жуырда сотқа жөнелтілетін болады», – деді полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Қаңтардағы қақтығыста тәртіп сақшылары едәуір жапа шекті. Қаңтардағы бейберекет кезінде 100-ден астам полиция қызметкері департаментті қорғап, аман алып қалған. Қызметтік борышын адал атқарған, ерлік көрсеткен құқық қорғаушылар жоғары құрметке лайық.

Әлібек Шынтемір, Ғани Қалуов, «Алматы» телеарнасы

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир