«Халық коммунистері» Тараздағы жастар мәселесіне қызығушылық танытты

«Халық коммунистері» Тараздағы жастар мәселесіне қызығушылық танытты
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Жастардың мәселесін біліп, кері байланыс орнату өте маңызды. Таразға келген «Халық Коммунистері» фракциясының депутаты Людмила Смирнова осылай деді.

Оның айтуынша, білімді азаматтар сапалы адами капиталды калыптастырады. Сондықтан оларға қолайлы жағдай жасау керек. Жамбыл Ахметбековтың сайлауалды бағдарламасының ұраны – «Адал еңбек халық мүддесі үшін!» екенін алға тартқан депутат қазіргі қоғамға сол адалдықтың жетіспейтінін және жемқорлық әлі де белең алып  тұрғанын айтты.

«Жастар – біздің болашағымыз. Сондықтан біз оларды не толғандырады, нені қалайды және қай бағытта дамығысы келетінін білуіміз керек. Себебі, еліміздің әрбір азаматы жақсы  өмір сүруге лайықты. Әр адамның сапалы білім алуға, шетелде демалуға, өсуге мүмкіндігі болса, ол ел мүддесі үшін аянбай еңбек етеді. Ал бұл, өз кезегінде, қоғамның өркендеуінің кепілі», – дейді  «Халық коммунистері» фракциясының депутаты Людмила СМИРНОВА.

Сайлауалды топ мүшелері жас қазақстандықтарды жұмыспен қамту бағдарламасын дайындап, еңбек биржасының қызметін күшейтуді ұсынды. Сондай-ақ, баспана мәселесін шешу үшін несиенің пайыздық мөлшерлемесін төмендету керектігіне тоқталды.

Жиын барысында партиялықтар кандидаттың сайлауалды бағдарламасын баяндады.  Ал  тұрғындар жалақыны көтеру, мамандарға тәжірибе алмасуға мүмкіндік жасау, халықтың тұрмыстық жағдайын жақсарту сынды әлеуметтік мәселелерді көтерді.

Новости партнеров