|
27.06.2022 | 19:36
935

Мекенжайдан қателестік – Елордада ойын алаңына қойылған жабдықтарды қайта алып кетті

Әкімдік өкілдері биыл 6 балалар ойын алаңын жөндеу жұмысын жүргізеді

 Мекенжайдан қателестік   – Елордада ойын алаңына қойылған жабдықтарды қайта алып кетті

Елордада ойын алаңына қойылған жабдықтар бірнеше күн болмай жатып, қайта алынып тасталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Бұл – 3 күн бұрынғы көрініс. Су жаңа үй алаңына көптен күткен жабдықтар әкелінген еді.

Бірақ тұрғындардың қуанышы көпке созылмады, ертесі ойын құрылғыларының тек орны қалған.

«Қоятын шығар деп ойлағанбыз. Жоқ қоймады», –  Әкімдік өкілдері биыл 6 балалар ойын алаңын жөндеу жұмысын жүргізеді деді қала тұрғыны Биғали Ниязов.

Халықтың көңілін күпті қылған алаңқай Кеңесары 77 мен 77А мекенжайында орналасқан. Көпқабатты тұрғын үйдің қолданысқа берілгеніне ай болыпты. Қазір 140-тан аса адам тұрып жатыр. Ойын алаңына әлі күнге бірде-бір тынығуға қажетті жабдық орнатылмаған. Серуенге шыға қалсақ, тік тұрып шаршаймыз дейді тұрғындар.

«Балалар алаңында отыратын орын жоқ. Түрегеліп қашаңғы тұрасың бұл жерде. Балалар ойнайды. Отыратын орындық керек. Ойын алаңдары да аз мына жерде», – деді қала тұрғыны Сақымжамал Жұмағали.

«Шығып балаларын ойнатқан кезде көбіне өздерінің орындықтарын әкеп жүреді. Одан кейін баспалдаққа келіп отырады», – деді қала тұрғыны Ержан Есжанов.

Мәселенің мән-жайын қалалық әкімдік өкілдерінен сұрадық. Олардың айтуынша, осыдан 1 апта бұрын ойын алаңына қажетті жабдықтарды әкеліп үлестірген. Мердігерлер мекенжайдан қателесіп, көп ұзамай ойын жабдықтарын қайта алып кеткен екен. Ал қолданысқа беріліп қойған аулаға енді келер айдың соңында орындық сынды өзіне тиесілі заттар жеткізілмек.

«Ол басқа жобаға арналған. Түсініспеушілік болып қалды. 20 шілдеге дейін ол жерге тиісті құралдар орнатылады», – деді   Құрылыс басқармасының бөлім басшысы Әділет Әнуарбеков

Бұл су жаңа деген ойын алаңының жағдайы. Ескісін енді айтпаса да түсінікті. Сынған сырғанақ, қисайған саты, тозығы жеткен құрылғылар. Бас қалада қазір дәл осындай жөндеп ретке келтірілсе деген 100-ден аса алаңқай бар. Әкімдік өкілдері биыл 6 балабал алаңын жөндеу жұмысын жүргізеді.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир