Отандық өнеркәсіпке қолдау керек: қазақстандық бизнес өкілдері бүгін бас қосты

Almaty.tv
Almaty.tv
Кәсіпкерлер өзімізде өндірілетін тауарлардың талапқа сай екенін атап өтті
Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Отандық өнеркәсіпке қолдау керек». Осылай деген қазақстандық бизнестің өкілдері бүгін бас қосып, елдің экономикалық әлеуетін арттырудың жаңа жолдарын қарастырды, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Сұраныс – сапаға, ал сапа – сұранысқа байланысты» деген кәсіпкерлер өзімізде өндірілетін тауарлардың бар талапқа сай екенін атап өтті.

«Бізде экономикалық, техникалық, шығармашылық потенциал да жеткілікті. Кәсіпкерлердің көзінде от бар. Отандық бизнесті қолдау арқылы біз Қазақстанның әлеуетін көтеретінімізді ұмытпауымыз керек. Тәуелділіктен арылып, керек тауарды өзіміз өндірсек, керемет емес пе», – деді ҚР Жиһаз және ағаш өңдеу өнеркәсібі қауымдастығының президенті Қанат Ибраев.

«Қазақстанда жасалған». Осындай атаумен экономикалық-ұлтшылдық қозғалыс құрған кәсіп иелері нақты талап-тілегін пысықтап, тиісті орынға жолдайтынын жеткізді. Олардың айтуынша, елдегі экономиканың өсуіне отандық бизнесті қолдау ғана жетпей тұр.

«Ертең біз импортқа салым салып тастасақ, ертең қиындық туындайды. Не істеу керек? Импортты азайта отырып, ішкі өнімді көбейте беру керек. Көбейту үшін кәсіпкерлерді қолдау керек», – деді  Қорғаныс – өнеркәсіп кешені кәсіпорындары қауымдастығының төрағасы Айбек Барысов.

Новости партнеров