SCAT әуе компаниясы ұшағындағы жолаушылардың билеті толығымен кері қайтарылады

Almaty.tv
Almaty.tv
Бұл туралы компанияның баспасөз хатшысы мәлімдеді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Апатты жағдайда қонған SCAT әуе компаниясы ұшағындағы жолаушылардың билеті толығымен кері қайтарылады. Бұл туралы  компанияның баспасөз хатшысы мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бұдан бөлек, Атырауда тұрғылықты жері жоқ жолушылар оқыс оқиға болған сәттен кейін бірден қонақ үйге орналастырылған. Оларға 3 мезгіл тамақ пен қонақ үйдің  ақшасын әуе компаниясы төлеп жатыр. Еске салайық, кеше түнде Атыраудан Нұр-Сұлтанға ұшпақшы болған SCAT әуе компаниясының ұшағы биікке көтеріліп, апатты жағдайда әуежайға қайтадан қонған еді. Ұшақ қозғалтқышына құс кіріп, құрылғы істен шыққан.

«Қазір апатты жағдайда қонған ұшаққа зерттеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қорытындысы қашан дайын болатынын айта алмаймыз. Билеттерін кері қайтаруын сұраған жолаушылар үшін ешқандай айыппұлсыз ақшалары кері қайтарылады. 31 жолаушы Нұр-Сұлтанға жету үшін бірден басқа рейске ауыстырып беруін сұрады. Басқа жолаушылар нақты шешім әлі қабылдамады», – деді SCAT әуе компаниясының баспасөз хатшысы Виктория Старожилова.

Желіде тараған видеода жолаушылардың дүрбелең салып, шу көтере бастағанын байқауға болады. Ұшақта 115 жолаушы болған. Зардап шеккен ешкім жоқ. Әуе кемесінің командирі биікке көтерілгеннен кейін 14 минут өткен соң бірден жерге қону туралы шешім қабылдаған. Борт командирі Иван Карповичті осы ерлігі үшін медальге ұсынбақ.

Новости партнеров