Суармалы су тапшылығы: алқаптарда қандай технология қолданыла бастады

Almaty.tv
Almaty.tv
Биыл мұндай жерлердің аумағын 300 мың гектарға дейін жеткізу көзделген
Жаңалықтармен бөлісіңіз

2026 жылға қарай елімізде суармалы су тапшылығы болуы мүмкін. Егістік алқаптарында тіршілік нәрі үнемделмесе, жағдай қиындауы мүмкін. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Тапшылықты тудырмау үшін қазір алқаптарда су үнемдеу технологиясы қолданыла бастады. Биыл мұндай жерлердің аумағын 300 мың гектарға дейін жеткізу көзделген. «Ал 2030 жылға қарай олар 750 мың гектарға дейін жеткізіледі» деді министр.

– Жақында VODAR компаниясы Қытай нарығындағы көшбасшы болады. Жаңбырлатып суару әдісін құру мәселесін келістік. Осы жылдың аяғына дейін бастайтын болады. Сондай-ақ түрік елінің компаниясы зауыт салып, жаңбырлатып суару әдісіне қажетті құралдарды құрастырады, – деді ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев.

Новости партнеров