Ақын Олжас Сүлейменовтің әйелі өмірден озды

29.04.2023 00:38

«Алматы» телеарнасының ұжымы марқұмның отбасына көңіл айтады

Almaty.tv

Белгілі ақын, қоғам қайраткері Олжас Сүлейменовтің жары Маргарита Владимировна Сүлейменова қайтыс болды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Мәдениет және спорт министрлігінің мәліметі бойынша, марқұм 87 жаста болатын.

Олжас Сүлейменов пен Маргарита Сүлейменованың Динара, Мадина, Лейла есімді үш қызы бар.

«Алматы» телеарнасының ұжымы Олжас Омарұлына көңіл айтады.