Асхат Оралов Nur Otan партиясының атқарушы хатшысы болып тағайындалды

Фото: nurotan.kz
Фото: nurotan.kz
Ол бұған дейін Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары болып қызмет атқарды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Nur Otan» партиясының Төрағасы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың қаулысымен партияның Атқарушы хатшысы болып Оралов Асхат Раздықұлы тағайындалды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі партияның ресми сайтына сілтеме жасап.

Асхат Оралов Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетін, РФ СІМ Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар университетін тәмамдаған.

2011 ж. – Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің әлеуметтік-тәрбие жұмыс департаментінің жастар ұйымдарымен жұмыс бөлімінің бас маманы.

2013-2016 ж.ж. – Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің хаттама бөлімінің бас маманы.

2014-2016 ж.ж. – Nur Otan партиясының «Нұр» филиалы төрағасының бірінші орынбасары.

2016-2017 ж.ж. – Астана қаласының «Жастар саясаты мәселелері басқармасы» ММ басшысының м.а.

2017-2018 ж.ж. – «Астана қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасының» ММ басшысы.

2018 жылдың қаңтар-тамыз айлары аралығында Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің жастар саясаты департаментінің директоры.

2018-2019 ж.ж. – Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігі Жастар және отбасы істері комитеті төрағасының орынбасары.

2019-2020 ж.ж. – Павлодар облысы әкімінің орынбасары.

2020-2021 ж.ж. – Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің вице-министрі.

2021 жылғы шілдеден бүгінге дейін Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары.

Новости партнеров