Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақ радиосының 100 жылдығын мерекелеу аясында 1 қазанды Радио қызметкерлері күні деп жариялауды ұсынған еді
1 қазан ресми түрде радио қызметкерлер күні болып жарияланды. Мереке бүгін Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен бекітілді. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің фейсбук желісінде мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Бұған дейін, Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің кәсіби мерекесімен құттықтау барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақ радиосының 100 жылдығын мерекелеу аясында 1 қазанды Радио қызметкерлері күні деп жариялауды ұсынған еді.