Іздеу саламыз! 24 жастағы Алима Әлмектің қайда екенінен туыстары 5 наурыздан бері бейхабар, деп хабарлайды Almaty.tv.
Үйден қара күрте киіп шығып кеткен келіншектің туыстары оның із-түссіз жоғалуына ешқандай себептің жоқ екенін айтады. Бірақ Алиманың күйеуі де сол күннен бері хабарсыз кеткен. Қоса кетейік, шашы ұзын, орта бойлы азаматша Алматы облысы Жамбыл ауданына қарасты Жамбыл ауылының тұрғыны. Алиманың туыстары оны көрген-білген азаматтар болса, төмендегі нөмірге хабарласуды сұрайды.
«Міне, 26 күн өтті. Іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр. Туысқандарының арасынан да, қаладағы таныстарымызбен де байланысқа шығып іздестірдік. Бірақ ол нәтижесіз болғаннан кейін аудандық ішкі істер басқармасына өтініш тастадық. Әпкеміздің денсаулығында ешқандай кінәрат жоқ. Өзі медбике», – деді Алиманың інісі Ермахан Алмеков.