2020 жылдан бастап мемлекеттік қызмет көрсетудің 90 пайызы цифрландырылады

Цифрландыру бойынша Қазақстан әлемде 193 елдің 39 орнында келеді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Бұл туралы бүгін еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының аймақтық конференциясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттгінің төрағасы Алик Шпекбаев мәлімдеді. Оның айтуынша сандық технологияға өту жемқорлықты болдырмауға және алдын алуға септігін тигізбек, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Осы орайда елімізде қабылданған «Цифрлы Қазақстан» жобасының пайдасы ұшан теңіз. Сондай-ақ, жиын барысында Қазақстан Азия мемлекеттері арасында электронды үкіметті сәтті жүзеге асырған көшбасындағы елдер қатарында екені мәлім болды. Ал, әлем бойынша 193 елдің 39 орнында келеді.    

«Сатистика бойынша бүгінде көрсетілген қызметтің 71 пайызы электронды жүзеге асса, тағы 16 пайызы халыққа қызмет көрсету орталықтарында көрсетілді. Демек, мемлекеттік қызметтің 87 пайызы адами фаторсыз көрсетіліп жатыр деген сөз. Бұл шаралар тұрмыстық жемқорлықтың алдын алуға септігін тигізді. «Транспаренси Қазақстан» жүргізген зерттеулердің нәтижелеріне көз жүгіртсек, парақорлық анағұрлым азайған», - деді

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төарағасы Алик ШПЕКБАЕВ.

Новости партнеров