Турагенттерге де жолдама беруді тоқтата тұру керектігі ескертілді. Ал халықаралық әуежайдағы санитарлық бақылау күшейген. Шетелдік рейстердің бірі қалмай тексеруден өтіп жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Бүгінгі таңда әуежай мен темір жолдағы санитар мамандарының саны тағы 40 адамға артып, 120-ға жетті. Айта кетейік, Алматыға шетелден 100-ге жуық азамат келген. Олардың ағзаларынан қауіпті дерттің белгілері анықталмады.
«Жағдайды қадағалаумен айналысатын топ құрылды. Оның қатарында еріктілер мен мемлекеттік емес ұйымдардың өкілдері бар. Олар әуежай мамандарының дайындығын тексерумен айналысады. Өйткені, алдында бірнеше ескерту жасалған болатын. Рейстердегі қызуы көтерілген 17 жолаушы жедел тексерілді. Абырой болғанда, олардан короновирус анықталмады. Халыққа сақтық шараларын сақтауға кеңес береміз», - қалалық Тауарлар мен қызметтердің қауіпсіздігі мен сапасын бақылау департаментінің басшысы Айзат МОЛДАҒАСЫМОВА.
«Бүгінгі таңда бірде бір короновирустың біздің Алматы қаласында анықталған емес. Емдік шаралары, сақтық шаралары бүгінгі таңда әлде де жалғасын табатын болады. Жалпы алдын-алу мәселелері де әрбір адамның жеке басының тазалығына қолын шайып, күнделікті жуып жүруіне, жеміс-жидектерді термический обработкадан жасап барып ғана пайдалану шараларына өте қатты байланысты», - деді қалалық денсаулық басқармасы басшысының міндетін атқарушысы Тілеухан ӘБІЛДАЕВ.