ALMA TV компаниясының мүмкіндіктері кеңейді

 Almaty.tv
Almaty.tv
Alma TV -дің тағы бір жаңа жобасы – онлайн кинотеатр
Жаңалықтармен бөлісіңіз

ALMA TV компаниясының мүмкіндіктері кеңейді. Бүгінге дейін кабельдік хабар тарату мен интернет қызметін ұсынып келген телевизиялық желінің көрерменге ұсынар жаңалығы көп. Мамандар арнайы презентация ұйымдастырып, бірнеше жобаның тұсауын кесті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Олардың қатарында тұрғындардың қауіпсіздігі мен жайлылығын қамтамасыз ететін бағдарламалар, жаңа қызмет түрлері бар.

1994 жылы өз жұмысын бастаған компания бастапқыда тек Алматы тұрғындары үшін қолжетімді болған. Ал қазір ауқымды телевизиялық желіге айналған мекеменің Қазақстанның түкпір-түкпірінде өз тұтынушысы бар. Еліміздің медиа нарығында 30 жылға жуық жұмыс істеп келеді. Бүгінге дейін кабельдік хабар тарату мен интернет қызметін ұсынып келген компания енді цифрлық бағытқа бет бұрған. Жаңа маусымда – елді жаңа өнімдерімен қуантпақ. Соның бірі - Алма home жобасы.

«Бұл жобаның ерекшелігі – көптеген жүйені бір ғана ұялы телефонға біріктіруінде. Мәселен, балаңыз сыртта ойнап жүрсе, оның әрекеті бейнебақылау камерасына жазылады. Ал сіз оны үйде отырып-ақ, арнайы қосымша арқылы оңай әрі тез бақылай аласыз. Бұрынғыдай, бейнебақылау камерасына жазылған бейнеқорды көру үшін арнайы мамандардың көмегіне жүгінбейсіз», – деді ALMA TV компаниясының дамыту жөніндегі басқарушы директоры Сергей Хомутов.

Сондай-ақ жаңа маусымда компанияның логотипі де жаңаша өзгерді. Бүгінге дейін көпшілікке ALMA TV деген атаумен белгілі болған ұғым енді «Алма плюс» болып өзгерді. Компанияның басты ұстанымы - тұтынушылардың қауіпсіздігі әрі ұсынылған қызмет түрінің сапалы болуы. Осы ретте мамандар бүгінге дейін қолданыстағы «Ақылды домофон» жүйесін цифрландыруды қолға алған. Енді кіреберісте орнатылған құрылғы арқылы үйге кімнің келіп тұрғанын ұялы телефоннан көруге мүмкіндік бар.

«Ол үшін сіздің үйде болуыңыздың қажеті жоқ. Жұмыста болсаңыз да, жолда жүрсеңіз де оған жауап беріп, сөйлесе аласыз. Оған қоса, үйіңізге қонақ келетін болса, бұрынғыдай магнитті кілтті берудің қажеті жоқ. Сіз электронды кілт жасап, сол кісіге интернет жүйесі арқылы жібере аласыз», – деді ALMA TV компаниясы инновациялық даму департаментінің директоры Мырзахан Омарбаев.

Alma TV –дің тағы бір жаңа жобасы – онлайн кинотеатр. Енді еліміздегі отандық және шетелдік телеарналардан өткен телеөнімді эфирден өткізіп алсаңыз, оны кез-келген бос уақытта тамашалауға мүмкіндік бар. Компания көрерменге бұрын соңды болмаған жеңілдік те ұсынып отыр. Дәл осы интернет-платформаны алғашқы 7 күн тегін пайдалануға болады. Ал кейін тұрақты қосылуға болады. Қазақстанның түкпір-түкпірінде компанияның 600 мыңға жуық тұрақты тұтынушысы бар. Жаңа жобаларды іске қосу арқылы енді олардың санын арттыру көзделген.

Ұлағат Арғын, Ғани Қалуов, «Алматы» телеарнасы








Новости партнеров