Астанада тұрғын үйлерге жылу уақытында берілмеуі мүмкін

24.10.2023 в 00:42

Қалада табиғи газ қосылмаған 20 мыңнан аса жер үй бар

Астаналықтар биыл да жылуға жарымай өтуі мүмкін. Қалада әлі күнге дейін 9 тұрғын-үй кешені  орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылмаған, деп хабарлайды Almaty.tv.

Сарышұнақ аязда тоңып, бүрсең қағатын халықтың мәселесін шаһар билігі биыл шешеміз деп сендіріп отыр. Олардың айтуынша, желтоқсанға дейін аталған баспаналар көгілдір отын қызығын көреді. Қазір бас қалада табиғи газды қажет етіп тұрған жер үйдің саны 20 мыңнан асады. 9500 үйге газ құбыры тартылған. Келер жылы тағы 300 мың тұрғын көмір тасып, от жағу машақатынан құтылмақ.

– Биыл қосымша 3 жылу орталығы іске қосылады. Сонымен қатар Тұран және Оңтүстік Шығыс газ жылыту станциясы жұмыс істеп тұр. Қалаға қажетті 440 қосымша гигакалория берілді. Бұл – алдыңғы жылғы дефицитті жабуға мүмкіндік, – деді Отын-энергетикалық кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасы бөлімінің басшысы Мақсат Есмағұлов.

Оқи отырыңыз: Астанада кәсіпкер коммерциялық нысанын неге ала алмай жүр