|
25.03.2020 | 15:48
18111

Алматыда карантин кезінде зейнеткерлердің зейнетақысын «Қазпошта» жеткізіп береді

70 жастан асқан зейнеткерлер карантин кезінде зейнетақыларын үйінде отырып ала алады

Алматыда карантин кезінде зейнеткерлердің зейнетақысын «Қазпошта» жеткізіп береді 24.kz

Карантин кезінде алматылық зейнеткерлердің зейнетақысын үйлеріне жеткізіп береді. Бұл туралы Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында «Қазпочта» АҚ АФ директоры Әлия Сүгірбаева айтты , деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әлия Сүгірбаеваның айтуынша, 70 жастан асқан зейнеткерлер карантин кезінде зейнетақыларын үйінде отырып ала алады.

«Қала әкімдігімен бірге біздің зейнеткерлерге зейнетақыларын жеткізу жұмыстары жүргізілуде. «Қазпошта» 80 жастан асқан зейнеткерлерге қызмет көрсетеді, біз олардың зейнетақыларын үйлеріне жеткізіп береміз. Қазір 70 жастан асқан зейнеткерлер санатын да қамтамасыз етуге дайынбыз. Біздің барлық қызметкеріміз – почташылар мен курьерлер бұл жұмысқа толық дайын отыр, олар зейнеткерлердің қауіпсіздігі үшін барлық жеке қорғаныс құралдарымен жабдықталған», – деді ол.

Бұдан өзге, «Қазпошта» карантин кезінде қала тұрғындарын қолдау бойынша Алматы әкімдігімен бірлескен жобаны жүзеге асыруға қатысады.

«Алматы қаласының әкімдігімен бірге халықтың әлеуметтік аз қамтылған топтарына қолдау көрсету үшін іске асырылып отырған жоба аясында «Қазпошта» логистикалық және азық-түлік себеттерін жеткізудегі басты серіктесі болып табылады. Бүгінгі күні филиал барлық күш-жігерін жұмылдырды – 70 машина курьерлермен штаттық тәртіпте жұмыс істейді. Олар қажет болған жағдайда қала тұрғындарына барлық әлеуметтік пакеттерді тәулік бойы жеткізетін болады», – деді А. Сүгірбаева.

Сонымен қатар, коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу мақсатында байланыссыз жеткізуді қамтамасыз ету мәселесі пысықталуда.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир