|
23.06.2023 | 14:47
474

Қорғаныс министрлігінің спорт комитеті жас сарбаздардан әскери ант қабылдады

Осылайша, спортшылар ротасына 13 сарбаз қосылды

Қорғаныс министрлігінің спорт комитеті жас сарбаздардан әскери ант қабылдады Almaty.tv

Қазақстан Қарулы күштерінің қатары толықты. Бүгін Қорғаныс министрлігінің спорт комитеті – Орталық спорт клубының жеке құрамы салтанатты түрде әскери ант қабылдады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Осылайша, спортшылар ротасына 13 сарбаз қосылды. Қазақстанның түкпір-түкпірінен келгендердің қатарында түрлі халықаралық турнирлердің, Азия ойындарының және әлем чемпионаттарының жүлдегерлері бар.

«Бүгін еліміз үшін атаулы күні ант қабылдау – біз үшін үлкен мәртебе. Бұл бәрімізге ерекше жауапкершілікті талап етеді. Қазақстан Республикасының Қарулы күштерінің әскери спорттық туын әрдайым биікте ұстауға, Қазақстан Республикасының әнұранын, көк туын көкте желбіретуге уәде береміз», – деді мерзімді қызмет сарбазы Рауан Алтынбек.

Аталмыш іс-шараға қатысқан Спорт комитетінің төрағасы мен ардагерлері, сондай-ақ ата-аналар сарбаздарға тілегін айтып, сын сағатта сыр бермей, Отан алдындағы борышты абыроймен атқаратынына сенім білдірді.

«Қазақстан Республикасының жоғары қолбасшы мырзаның саясатымен және Қорғаныс министрлігінің қолдауымен осындай керемет жас буындарға ресми ант беру іс-шараларын өткізіп, тамашалап отырмыз», – дейді Қорғаныс министрлігі спорт комитетінің төрағасы Арман Әбеуов.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир