Алмалы ауданы әкімі тұрғындар сауалына жауап береді

02.06.2020 в 16:46

Бағдарлама аптаның сейсенбі және бейсенбі күндері эфирге шығады

2 маусым сағат 20.00-де AKIMAT LIVE бағдарламасының тікелей эфирінде  Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімі  Бекқали Торғаев тұрғындар сауалына жауап береді.

Көкейдегі сұрақтарыңызды 8 777 046 33 33 WhatsApp нөміріне жібере аласыздар, сондай-ақ Almaty.tv арнасының Instagram, YouTube, Twitter, Facebook парақшасына пікір қалдыруыңызға болады. Сондай-ақ,  +7 (727) 334 00 24 нөміріне хабарласып, тікелей сұрақ қоя аласыздар.