Бас прокуратура: Терроризм актісі бойынша 44 қылмыстық іс қозғалды

14.01.2022 00:47

Адам шығыны болған оқиғаларды тергеп-тексерулерге ерекше назар аударылуда

inbusiness.kz

Елімізде терроризм актісі бойынша 44 қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасы мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

"Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Бас прокуратура «Алматы қасіретінің» және басқа өңірлердегі террористік шабуылдардың барлық себептері мен егжей-тегжейін анықтау үшін жұмыс жасауда.

Құқық тәртібі органдары террористік шабуылдарға қатысушыларды анықтау және жазалау, елдегі қоғамдық қауіпсіздікті толық қалпына келтіру бойынша барлық қажетті шараларды қабылдауда.

Адам шығыны болған оқиғаларды тергеп-тексерулерге ерекше назар аударылуда.


Әрбір факт тиісті құқықтық баға берумен мұқият тергеп-тексеріледі. ТЖ режимі кезеңінде жасалған құқық бұзушылықтар үшін 6966 әкімшілік хаттама толтырылды, әртүрлі әкімшілік жауапқа 4918 адам тартылды. Оның ішінде 1978 адам қамаққа алынды. 791 адамға айыппұл салынды және 2149-ы ескертілді. Соттардың қарауында 2048 материал бар. Бүгінде жедел-тергеу топтары 494 қылмыстық істі, оның ішінде 44 – терроризм актісі, 34 – жаппай тәртіпсіздік, 15 - адам өлтіру және басқалары бойынша тергеп-тексеруде. Қылмыс жасады деген күдікпен 524 адам уақытша ұстау изоляторларына қамалды. Соттың санкциясымен 412 адам қамауға алынды. Қазіргі уақытта қажетті тергеу жүріп жатыр" делінген хабарламада.