ТЖ кезінде қазақстандықтар пітір садақасын мобильдік қосымшалар арқылы беруіне болады

ТЖ кезінде қазақстандықтар пітір садақасын мобильдік қосымшалар арқылы беруіне болады
Ұлық мейрамда ұқтаж отбасыларға қалай көмектесуге болатыны да сөз болды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Төтенше жағдай кезінде қазақстандықтар пітір садақасын мобильдік қосымшалар арқылы беруіне болады. Мұны ҚМДБ  төрағасының орынбасары Ершат Оңғаров айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Ал биылғы пітір садақаның мөлшері қандай болмақ? Ораза уақытында жақын маңдағы туыстың үйіне ауызашарға баруға рұқсат па? Аузын бекіткендерге антисептик, спирттік спрей қолдануға бола ма?

Биылғы жылы пітір садақаның мөлшері 370 теңге деп бекітілді. Оның құны екі келі ұнның республика бойынша есептегенде нарықтық орташа бағасымен шығарылды. Бұл – ең төменгі мөлшері. Алайда материалдық жағдайы бар азаматтар мейіз немесе құрма құнымен берсе де болады. Ал, төтенше жағдай мен карантин режимінде пітір садақаны үйден шықпай-ақ беру үшін мүмкіндік бар.  

«Рамазан айында берілетін пітір садақасы мен зекетті Каспий банкі және Халық банкі, киви мобильді қосымшалары арқылы аударуға болады. Қазіргі таңда басқа да банктермен келіссөздер жүргізіліп жатыр. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы белгілі бір банкті жарнамаламайды. Алайда мына төтенше жағдайда үйден шықпай, садақа берудің осындай оңтайлы жолын таңдап отырмыз», – деді  ҚМДБ төрағасының орынбасары, наим мүфти Ершат ОҢҒАРОВ.

Ұлық мейрамда ұқтаж отбасыларға қалай көмектесуге болатыны да сөз болды. Мәселен, ауызашарға кететін қаржыны аудару арқылы қолдау көрсетуге болады.  

«Ауыз бекіткен жандарға азық-түлік жеткізіп берсеңіз де, ауыз аштырғанның сауабын аласыз. Тіпті көмекке мұқтаж отбасыларға ауыз ашарға кететін шығынды беріп, қаржылай қолдау көрсетсеңіз де мол сауапқа кенелесіз», – деді  ҚМБД төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы ТАҒАНҰЛЫ.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының өкілдері ораза кезінде туыс, көрші-қолаңға ауызашарға барудан бас тартып, оқшаулануға шақырды. Біраз сабыр етіп, қиындықты өткерген кезде бір-бірімізді қонаққа шақырамыз деді. Ал ораза тұтқандарда коронавирус белгілері пайда болса не істеу керектігі де айтылды.

«Төтенше жағдайды ескере келе, мұндай жағдайда егер сенімді дәрігер белгілі бір ағзаның зақымдануы, жаңа аурудың пайда болуы және аурудың асқыну қаупі күшейетініне, сондай-ақ,білікті әрі әділетті мұсылман дәрігерінің кеңесімен ораза ұстамауға рұқсат етіледі. Коронавирусқа қатысты иммунитеттің әлсіреп, симптомдары пайда босла, онда оразасын тоқтатып, басқа күндері оразасын, қазасын өтеуіне рұқсат етіледі», – деді  ҚМДБ төрағасының орынбасары, наим мүфти Ершат ОҢҒАРОВ.

Ал ауыз бекіткендерге антисептикалық құралдар мен спирт қолдануға болады. Ол оразаны бұзбайды. Себебі қазір төтенше жағдайдамыз, сондықтан вирус кезінде денсаулығына зиян келтірмей, қайта оны қорғайтын дүниелерді қолдану қажет, мұны шариғатымыз қолдайды,  деді Бас мүфти.  

Салтанат Нысанбек, Данияр Омар, Ботагөз Қайырбекова, «Алматы» арнасы, Нұр-Сұлтаннан

Новости партнеров