Биыл 12-рет өткізілген жалпы ұлттық «Мектепке жол» акциясы 15 қыркүйек күні аяқталады. Оған дейін еріктілер жомарт жандар алып берген қажетті құралдарды мұқтаж жандарға жеткізумен айналысады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Ұйымдастырушылар былтыр бар күшін оқушыларға форма және оқу жабдықтарын алуға жұмсаған. Енді пандемияға байланысты жаңа оқу жылында көпбалалы және аз қамтылған отбасында тәрбиеленіп жатқан оларды техникамен қамтамасыз етуге мән берген. Бұл жолы оқушыларға планшеттер мен ноутбуктер табысталыпты. Еріктілердің айтуынша, көмекке зәру жандардан әлі де өтініштер түсуде. Оны қарастырып, мәселені шешуге тырысамыз деді.
«Бұл жердегі біздің волонтерлердің басты міндеті – атқарып жатқан жұмысы. Бұл байланыссыз негізде карантиннің барлық ережелерін, шарттарын сақтай отырып, осы көмекті отбасыларға жеткізу негізгі мақсат, міндет. Осы уақытқа дейін біздің мәслихаттағы депутаттардың қолдауымен, партияның меценаттарының қолдауымен, партия белсенділерінің қолдауымен Алматы қаласы бойынша мың жарымнан астам отбасыға дәл осындай көмек көрсетілді», – деді қалалық "Jas Otan" жастар қанатының төрағасы Мәди Ахметов.