Алматы қаласы бойынша 6 мыңнан астам тұрғынға 42500 теңге көлемінде жәрдемақы төленді

© Sputnik / Абзал Калиев
© Sputnik / Абзал Калиев
Бұл туралы қалалық Әлеуметтік әл-ауқат басқармасының басшысы Рахат Шимашева мәлімдеді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы қаласы бойынша бүгінде 6 мыңнан астам тұрғынға ең төменгі жалақы көлеміндегі жәрдемақы төленді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.  

Бұл туралы қалалық Әлеуметтік әл-ауқат басқармасының басшысы Рахат Шимашева мәлімдеді. Оның сөзінше, жәрдемақы алуға 67 мыңға жуық өтініш келіп түскен. 42 500 теңгені алғандар кімдер? Ол қаражат осындай қиын-қыстау кезеңде қаншалықты қолғабыс болып жатыр?

Қауіпті індет бірнеше саланың тынысын тарылтқаны анық. Соның ішінде көп зардап шеккендердің бірі туризм. Осы орайда Алматыдағы туристтік компания өкілдері де қол қусырып қалды. Соның бірі – Жұлдыз Қасымханова. Жұмысынан  айырылғандарға жалақының ең төменгі мөлшеріндегі әлеметтік көмек көрсетіледі дегенді естігенде қуанышымда шек болмады дейді ол. Себебі қызметіміз тоқтап, көңілімге қая түскенде мемлекеттің қазақстандықтарға қол ұшын бергені, біздің елеусіз емес екенімізді білдірді.     

«Сенбі күні құжаттарды Е-gov сайты арқылы тіркедік. Сейсенбі күні қоңырау шалып, өтініш мақұлданды деп айтты. Және шот нөмірді сұрады. 1-2 күнде түсті ақша. Тіпті, осындау уақытта кез келген отбасыға 42 мың көп көмек болады деп ойлаймын», – деді қала тұрғыны Жұлдыз ҚАСЫМХАНОВА.  

Әлеуметтік көмектің шарапатын көргендердің бірі – Татьяна Буль. Карантин басталған уақытта табысынан айырылған ол бірден e-gov  сайтына тиісті құжаттар тапсырған. Көп ұзамай қиын-қыстау кезінде мемлекет тарапынан ең төменгі жалақы мөлшерінде қолдау тапты.  

«Алғашында шыны керек қатты сенбеп едім. Алайда, көп күттірмей құжат тапсырғанның ертесіне маған хабарласты. Банкегі ағымдағы шот туралы ақпарат алып, үш күннен кейін 42 500 теңге қолыма түсті. Қуанғаннан бірден дүкенге барып, азық-түлік алдым. Қалалық әкімдікке алғыс айтамын», – деді қала тұрғыны Татьяна БУЛЬ.

Айта кету керек, мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан мұндай көмекке бірнеше жолмен өтініш білдіруге болады. Олар, Е-gov электронды Үкімет, 42500.enbek.kz немесе Help42500Bot атты Телеграм бот. Алайда мұндай көмекті төтенше жағдай салдарынан ай сайынғы кірісін жоғалтқан қазақстандықтар алатындығын түсіну керек. Материалдық көмекке демалысқа жіберілгендер ғана емес, сонымен қатар өзін-өзі жұмыспен қамтығандар да жүгіне алады.  

Арнат Дүйсен, Ғани Қалуов, «Алматы» арнасы


Новости партнеров