Карантиндегі Алматы: тілші көзімен

Almaty.tv
Almaty.tv
Біз күндізгі 11.00-ден бастап қаладағы жағдайды бақылаған едік
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Карантин кезіндегі Алматының кейпі қандай? Almaty.tv тілшісі мегаполистің бірнеше нүктесіне барып, тұрғындармен тілдесіп қайтты.  

Бұл – Алматыдағы Арбат. Әдетте жылдың мезгіліне қарамастан ауа-райының қандай екеніне қарамастан, мұнда адам аяғы сейілмейтін. Алайда өздеріңіз көріп тұрғандай, бұл орынды бос десек те болады. Бірен-сараң адам жүр және полицейлер тәртіпті қорып жүр. Ары-бері өткен адамдардың құжаттарын тексеріп, қайда, не үшін бара жатқандарын сұрап жатыр. Байқағанымыз, бұл жерде мына ғимараттың астында азық-түлік дүкені бар екен. Адамдар сонда кіріп-шығып жатыр. Қазір сол адамдардан сұрап көрейік, карантин тәртібін сақтап жатыр ма, жоқ па?

Өздеріңіз көріп тұрғандай, тәртіп сақшылары осында жүрген адамдардың құжаттарын тексеріп, қайда және не үшін бара жатқанын сұрауда. Біз де сұрап көрейік.

– Ассалаумағалейкум, аға! Сіз карантин тәртібін қаншалықты сақтап жүрсіз?

– 100 пайыз.

–  Үйден шықпайсыз ба?

– Жұмыс бабымен болған соң шығып жүрмін.

– Қазір жұмыспен жүрсіз бе?

– Иә.

– Үйде қалай?

– Үйде де сақтаймыз.

– Тазалыққа қаншалықты көңіл бөлесіз?

– Сыртқа шыққанда, маска, қолғап киеміз.  Жұмыс бабымен болған соң антисептик бар. Өзімізбен бірге алып жүреміз міне. Екі бетперде, екі қолғаптан бар. Жұмыс болған соң жүруге тура келеді. Сондықтан 100 пайыз сақтауға тырысып жатырмыз.

– Жақсы, рахмет. Аман болыңыз, ауырмаңыз.

Иә, құрметті көрермендер, тағы бір-екі адамнан сұрап көрейік.

– Аға, карантин тәртібін қаншалықты сақтап жүрсіз?

– Міне, сақтап жүрмін. Дәріханадан дәрі алдым. Өзім екінші топтағы мүгедекпін. Маған дәрісіз болмайды. Сондықтан дәріге барып келе жатырмын.

– Жақын маңда тұрасыз ғой?

– Ана жердегі үйде тұрамын. Осы маңнан аламын.

– Жақсы, аға, ауырмаңыз, аман болыңыз.

Құрметті көрермендер, өздеріңіз байқағандай, мұндағы тұрғындар тек дүкенге және дәріханаға шығып жатқанын айтады. Карантин тәртібін сақтағанын да жеткізді. Бетперде тағып, үйден шықпай жатқанын да айтып жатыр. Біз енді әрмен қарай Абылай хан даңғылына барып көрейік. Онда көліктердің нөпірі қаншалықты көп екен?

Гоголь көшесі мен Абылай хан даңғылының қиылысындамыз. Көліктердің саны аз. Әдетте осы жолдың қос қапталында автотұрақтарда орын болмайтын. Ал қазір болса Осы тұста қоса кетейін 16 наурыздан бастап ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда төтенше жағдай жариялаған еді. Ал, артынша 19 наурыз күні Алматыда карантин енгізілді. Ал, 30 наурыз бен 13 сәуір аралығында мегаполистегі барлық сауда орындары жабылып, адамдар көп шоғырланатын жерлерге тыйым салынды. Енді біз қазір аяқ-киім сататын дүкеннің есігін ашып көрейік. Жабық.  Сыртына да жазып кеткен екен.  Ал, аулалардағы жағдай қалай? Тұрғындар серуендеп жүр ме? Көз жеткізейік.

Қазір біз қаладағы аулалардың біріне бас сұғып көрген едік. Байқағанымыз, қаңтарылған көліктен көп нәрсе жоқ. Ал, спорт алаңдары, балалар ойнайтын алаңдар бос тұр. Тұрғындарды көрмедік. Мінекей, бір кісі итін серуендетуге шыққан екен. Сол кісіден сұрап көрейік...

 Как вы соблюдаете режим карантина?
– Идеально. Как сказано. 500 метров. Не отходить. Гулять. Только выходим в магазин. Так весь двор соблюдает. Весь двор абсолютно дисциплинирован. Ну как нет работы? 
 А сколько времени выгуливаете?
– Ну большая собака минимум минут 30 выгуливает. А маленькие собаки 10 минут.

Құрметті көрермен, өздеріңіз естігендей, тек осылай үй жануарларын далаға серуендетуге шығады. Оның өзі 500 метрге дейін ғана. Одан артық бармаймыз деп сендірді. Біз тұрғынмен жақын сөйлесе алмадық. Өйткені иті қауып ала ма деп қорықтық.

Біз күндізгі 11.00-ден бастап қаладағы жағдайды бақылаған едік. Қазір сағат 14.00-ден асты. Осы 3 сағатта тұрғындар үйлерінен тек дәріханаға және азық-түлік алуға ғана шыққанын көрдік.  Қалған уақытта үйлерінде отыруға тырысып жатыр. Біздің де сіздерге айтарымыз – үйде отырған кезде бөлмелерді жиі желдетіңіздер, қолдарыңызды сабынмен жиі жуып, антисептикпен сүртіп тұрыңыздар. Жұдырықтай жұмыслақ қана, біз бұл індеттен құтыламыз.

Өмір Әнуарбек, Арсен Сандыбаев, «Алматы» арнасы      

Новости партнеров