Бұл іс-шараға 10 шақты шабандоз қатысты
«Қазақ пен қазанат – егіз ұғым». Осылай деген алматылық шабандоздар Мемлекеттік рәміздер күні қарсаңында ерекше құттықтау іс-шарасын ұйымдастырды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Қанатты пырақтай самғаған жылқы мінген ат спортының үздіктері көк аспан астында азаттықтың жаршысы болған көк байрағымызды желбіретті. Бұл іс-шараға 10 шақты шабандоз қатысты.
«Желбіреген көк туымызда қыранның бейнесі бар. Сол сияқты қазақ халқымыз ат үстінде, қолына қыраны бар. Аңшылыққа да солай шыққан. Жауға шапқанда да ат үстінде отырып, осындай кең байтақ жерімізде алып қалған», – деді шабандоз Азамат Қожахметов.