Одан бөлек, оларға коммуналдық қызмет төлеу мен отын сатып алуға көмек көрсетілмек
Ауылды жерлерде жұмыс істейтін ұстаздарға көтермеақы тағайындалып, баспаналы болуына жіті жағдай жасалмақ. Осыған дейін де болған қолдаулар заң жүзінде реттелмеген күйінде еді. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Білім және ғылым вице-министрі Бибігүл Асылова ауылдарда еңбек ететін ұстаздарға тағы қандай жағдай жасалатынын тізіп берді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
«Бұл қолдаулар бүгін де бар. Алайда, олар жеке құжаттар бойынша жүзеге асуда. Мәселен, «Дипломмен ауылға», «Еңбек». Бірақ олар заң жүзінде реттелмеген. Сондықтан біз заң жүзінде бекітеміз. Мысалы тұрғын үйлерді салуға жер телімдерін береміз», - деді ҚР Білім және ғылым вице-министрі Бибігүл АСЫЛОВА.
Ауылды жерлерде жұмыс істейтін ұстаздардың жалақысы да 25 пайызға артатын болады. Бұдан бөлек, коммуналдық қызмет төлеу мен отын сатып алуда әлеуметтік көмек көрсетілмек.