Қазақстанда мүмкіндігі шектеулі жандардың білім алуына жағдай жасалмаған

26.06.2019 00:52

Елімізде бүгінде 674 мыңнан аса мүгедек бар, оның небары 700-ден астамы ғана жоғары білім алған

Қазақстандағы жоғары оқу орындарының басым бөлігінде мүмкіндігі шектеулі жандар үшін жағдай жасалмаған. Әсіресе, инфрақұрылым жағы толықтай икемделмеген. Оған қоса, көзі нашар көретіндер үшін қажетті оқу құралдары жетіспейді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Сондай-ақ, ерекше қажеттілігі бар жандармен жұмыс істей алатын ұстаздар саны аз. Жалпы елімізде 674 мыңнан аса мүгедек бар. Оның бар болғаны 700-ден астамы оқиды. Ал егер тиісті жағдай жасалса, мұндай жандар білім алуға өте ынталы.

«2019 жылы білім саласын дамыту бағдарламасына сәйкес еліміздегі барлық жоғары оқу орындары мүмкіндігі шектеулі студенттерді қабылдай алатын 100 пайыз жағдай жасауы керек. Дегенмен, қолайлы жағдай жасаған университеттер жоқтың қасы. Өкінішке қарай, көзі нашар көретін, құлағы әзер еститін азаматтар қажет ақпаратқа қол жеткізе алмайды. Сондықтан бізде ишарат қимылдарды аударатын мамандар, арнайы көзі көрмейтіндер оқитын үлкен шрифтілі кітаптар қажет», – дейді «Жігер» мүмкіндігі шектеулі жандар жастар ұйымы қоғамдық қорының директоры Пархат ЮСУПЖАНОВ.