|
31.01.2020 | 19:52
6704

Таразда мемлекеттік бағдарламамен берілген жап-жаңа үйлердің қабырғалары қақырап тұр

Баспана тұрғындарға бар болғаны 6-ақ жыл бұрын берілген

Таразда мемлекеттік бағдарламамен берілген жап-жаңа үйлердің қабырғалары қақырап тұр

Таразда арендалық тұрғын үйдің төңірегінде дау шықты. Небары алты жыл бұрын пайдалануға тапсырылған нысанның тоз-тозы шығыпты. Осылай деп шырылдаған 13-шағынауданының тұрғындары өз үйлерінен үрейленіп отыр. Айтуларынша онда тұру тым қауіпті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

«Ортаңғы кіре беріс тұрғындары жүзіп жүр тіпті», - деді бірі.

«Сәл қар немесе жауын жауса, төбеден су ағып, мазамыз қашады. Балаларымыз тоққа түсіп қала ма деп қорқамыз. Қаладағы 40-50 жыл бұрын салынған үйлер жақсы боп тұр біздікіне қарағанда», - деді екіншісі.  

Таразда әлеуметтік аз қамтылған жандарға арендалық негізде берілген тұрғын үйден түк қалмады. Осылай деп шырылдаған 13- шағын ауданының тұрғындары тоз-тозы шыққан өз үйлерінен үрейленіп отыр. Айтуларынша, 6 жыл бұрын ғана пайдалануға берілген жаңа екі үйдің жағдайы қазір тым қауіпті. Қағаз үйге ұқсас құрылыстың сыртқы жабындысы жел тұрған сайын сыпырылып түседі екен.

«Өткен жылы сарапшылар келді. Сөйтіп үйлеріңіз оңға қарай қисайған деп айтып кетті. Апатты жағдайдағы үй деген. Қисаятын жөні бар. Неге десеңіз, жертөле суға толған. Салынған қытайдың құбырлар өздігінен атылып жатыр», - деді Тараз қаласының тұрғыны Бақыт ШАҒЫРБАЕВ.

Ол аздай, 75 пәтерлі қос үйдің тұрғындары өз пәтерлеріне тіркеле алмай әлек. О баста берілген құжаттардың дұрыс болмауынан көпбалалы отбасылар мемлекеттен берілетін әлеуметтік көмектен де қағылып отыр.

«2016 жылы миграция мен юстиция базасы біріккенде интеграция болып, аталған екі үй тіркелмей қалып кеткен. Күні кеше ғана сол үйлердің толық қабылдау актісін таптық. Енді тіркеу жұмыстарын осы бір ай шамасында бітіреміз», - деді қалалық тұрғын үй қатынастары бөлімінің басшысы Ғазиз ЕРАЛИЕВ.

Айтылған кемшіліктерді үйді салған мердігер жоюы тиіс болатын. Алайда құрылыс компаниясы 2018 жылы банкротқа ұшырап, жабылып қалыпты. Биыл тұрғын үй қатынастар заңына 7-ші қаңтардан бастап енгізілген өзгерістерге сәйкес тұрғындар өздері басқару органын тағайындауы керек. Сөйтіп, пәтер иелерінің ынтымақтастығы бойынша ағымдағы және жинақтау шотын ашып, ақша құюы тиіс. Содан соң жыл соңында жиналған қаражатқа жоғарыда айтылған мәселер шешіледі, - дейді мамандар.

Мерей Бает, Олжас Ерғали Мейіржан Ерболатов «Алматы» телеарнасы, Тараз қаласы

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир