Ұлытау облысында Мемлекеттік рәміздер аллеясы ашылды

29.08.2024 00:54

Рәміздер алаңының мүсіншісі – елге белгілі суретші-монументші Ғазиз Ешкенов

Almaty.tv

Ел Президентінің Ұлттық құрылтайдағы тапсырмасына сәйкес, Ұлытау облысында Мемлекеттік рәміздер аллеясы ашылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Әулиетаудың етегінде бой көтерген алаңның аумағы 3 гектар. Конституция күнінің қарсаңында ел игілігіне берілген нысанда биіктігі 22 метр ту, тұғыртаста елтаңба мен әнұран бейнеленген. «Тәуелсіз Қазақстан», «Қазақ хандығы», «Түрік қағанаты» мен «Алтын Орда» қабырғалары бар. 99 рудың белгісі қашалған «Таңбалы тас» та орнатылған.

Айта кетейік, жобаның құрылысы былтыр күзде басталған. Рәміздер алаңының мүсіншісі – елге белгілі суретші-монументші Ғазиз Ешкенов. Жоба авторының айтуынша, нысан – «Таңбалы тас» орнатылған еліміздегі тұңғыш алаң.

– Рәміздер алаңы – қазақ үшін  өте қасиетті, тәрбиелі маңызы бар ескерткіш. Көк туымыз желбіреп, кеше қазақ боламыз деген тайпалардың таңбалы бой көтерді. Ескерткіш, жастарды патриотизмге тәрбиелеуде маңызы зор, – деді  қоғам қайраткері Сағындық Қожамсейітов.

Оқи отырыңыз: Жетісу облысы 75 орындық балабақша ашылды