Қызылша ауруы: оқушылар қашықтан білім алады

Almaty.tv
Almaty.tv
Биыл 1544 жағдай тіркелді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда қызылша өршіді. Қалалық білім басқармасының мәліметінше, ауру №172 мектепте бастауыш сынып оқушылары арасында анықталған. Мектеп әкімшілігі инфекцияның одан әрі таралуын болдырмау үшін балаларды 16 қазанға дейін қашықтан оқуға көшірген. Олар онлайн оқу үшін қажет компьютерлік техникамен және интернет-ресурстармен қамтамасыз етілген.

– Аудандық бақылау департаменті ұсыныс жасады. Арнайы бұйрықпен балалар қашықтан оқиды. Ата-аналарға түсіндірме жұмысын жүргіздік. Екпе 1-6 жас арасында 2 рет жасалынатын екпе екен. Соны алмаған балаларда жұқтыру қаупі көп болды, – деді №172 мектеп-гимназия директоры Әлия Чорманова.

Қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы Балалар клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасында 18 ересек науқас пен 159 бала стационарлық ем қабылдап жатқанын хабарлады. Олардың жағдайы орташа ауыр. Биыл наурыздын бастап қызылшаның зертханалық расталған 1544 жағдайы тіркелді. Оның 1310-ы 14 жасқа дейінгі балалар арасында тараған. Қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті қызылша инфекциясының алдын алудың бірден-бір тиімді құралы екпе екенін еске салады.

Оқи отырыңыз: Ақтөбеде қызылша ауруына қарсы екпе жұмыстары басталды

Новости партнеров