|
16.01.2023 | 19:55
6270

«Қар ерітіп бас жудық»: Алматы облысында бір ауыл сусыз отыр

4 күннен бері тіршілік көзін тау-тастан іздеп қажыған халық болған іске мердігерлер мен әкімдікті кінәлайды

«Қар ерітіп бас жудық»: Алматы облысында бір ауыл сусыз отыр Almaty.tv

«Қарды ерітіп бас жудық». Аязды күндерде құбыр қатып, Алматы облысындағы бүтін бір ауыл сусыз қалды. 4 күннен бері тіршілік көзін тау-тастан іздеп қажыған халық болған іске мердігерлер мен әкімдікті кінәлайды. Жауаптылар болса, тиісті жұмыс жүргізіліп жатқанын айтып ақталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Бұл – қақаған аязда ауыз су іздеуден шаршаған Жаңатұрмыс жұртының жанайқайы. Сөздерінше, тіршілік көзі жоғалғалы 4 күн өтсе де жергілікті әкімдік не мардымды жауап бермей, не тиісті іс тындырмаған. «Соның салдарынан өзімізге түрлі амалын қарастыруға тура келді», дейді халық.

«Кеше кешке қызым қарды ерітіп, басын жуды. Бүгін мектепке кетті. Амал жоқ қайтеміз енді?!» – деді Жаңатұрмыс ауылының тұрғыны Кендірбек Қапаш.

Әкімдік өкілінің сөзінше, судың болмауына негізгі құбырдың қатып қалуы себеп. Сондықтан мердігерлер қазір мұзды ерітіп жатыр. Оған ауыл тұрғындары да жұмылған.

6 мыңға жуық халқы бар елдімекендегі су құбырына «Таусамалы қызметі» мемлекеттік мекемесі жауапты. Кәсіпорын өкілінің сөзінше Жаңатұрмыс жұртына ауыз су бүгін берілмек.

Инженердің сөзінше, ауылға су әзірге бүгін салынған осы бір құбыр арқылы жіберілмек. Жергілікті билік өкілі болса, мұндай енді жағдай тағы қайталанбас үшін жұмыс жалғасатынын айтты.

Оразай Нұртайұлы, Ялкунжан Әшімжан, «Алматы» телеарнасы

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир