Қаңтар оқиғасы кезінде 1,5 мыңға жуық ғимарат пен үй-жайлар бүлінген

26.01.2022 01:01

Сондай-ақ қылмыстардың 70% жуығын сауда объектілерінен жасалған ұрлық туралы істер құрайды

Фото: vera.kz

Алматы, Талдықорған, Тараз, Шымкент, Қызылорда, Өскемен Ақтөбе, Атырау және Семей қалаларында 1 466 әртүрлі үй-жайларға шабуыл жасалды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында ҚР ІІМ Тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Оның айтуынша, 71 мемлекеттік мекемеге зиян келтірілді, оның 12-і – әкімшілік ғимараттар мен 27 полиция объектілері.

«Ең көп зардап шеккен бизнес объектілері, олар зақым келтіруден өзге толықтай тоналды олардың саны – 1 395. Одан өзге 700-ден астам автокөліктер зақымдалып, жойылды, оның 500-ден астамы полицияның, Қорғаныс және Төтенше жағдай министрліктерінің жедел жәрдем және өзге органдардың қызметтік көліктері. Сондай-ақ 116 жеке адамдар көліктері. Шабуылдар барысында 7 аңшылық дүкендеріне шабуыл жасалып, тоналды олардан 1 564 дана азаматтық қару ұрланды», - деді спикер.

Сондай-ақ қылмыстардың 70% жуығын сауда объектілерінен жасалған ұрлық туралы істер құрайды. Қалған қылмыстық істер бойынша тергеуді ішкі істер, ұлттық қауіпсіздік, экономикалық тергеу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет органдары жүргізуде. 

«Осы қылмыстардың негізгі үлесін - 70% немесе 1 356 негізінен тәртіпсіздіктерден туындаған хаос процесінде Алматы қаласының сауда объектілерінен жасалған ұрлық туралы істер құрайды. 127 қылмыстық іс атыс қаруы мен оқ – дәрілерді заңсыз сақтау фактілері бойынша, тағы 30 Іс оларды ұрлау фактілері бойынша тергелуде. Сонымен қатар, 63 қылмыстық іс мүлікті қасақана бүлдіру және жою, 12 – автокөлікті айдап кету, 24 – қарақшылық және тонау, 23 – құқық қорғау органдары қызметкерлеріне күш қолдану және олардың өміріне қол сұғу фактілері бойынша тіркелді. Ұрлық пен тонау жасағаны үшін 274 адам уақытша ұстау абақтысына қамалды», - деп атап өтті спикер. 

Айта кетейік, ұсталғандардың кінәсі ұрланған тауарлар мен қару түріндегі алынған заттай дәлелдемелермен, сондай-ақ бейнебақылау камераларының жазбаларымен, әлеуметтік желілердегі роликтермен, күдіктілердің өздерінің ұялы телефондарынан табылған деректермен дәлелденеді.

«Мысалы, 19 қаңтарда Алматы қаласында 18 жастағы тұрғын ұсталды, оның ұялы телефонынан азық-түлік дүкендерінің бірінде ұрлық жасаған бейнежазба, ұрланған заттар аясында «селфи» және ең сорақысы көшеде бір полиция қызметкерін топ болып қатыгез ұрып-соғуға қатысуы анықталды. Бұл бейнежазбалардың барлығын күдіктінің өзі жасаған. Ол уақытша ұстау абақтысына қамауға алынды. Мұндай фактілер көп», - деп түйіндеді өз сөзін ІІМ өкілі.