Шаяхмет Имашұлы Мұқағалидің 500-ден астам өлеңін жатқа біледі

07.02.2020 20:27

Наурызбай ауданында Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері оқылды

Almaty.tv

Мұзбалақтың туған күніне орай өткізілген кешке Жазушылар Одағынының мүшелері, қала тұрғындары, оқушылар мен студенттер қатысты. Шараға жиналғандар Мұқағалидың сырлы, әуенді, мұңды жырларына қанық болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Көрермендер арасынан ақиық ақынның жырларын жатқа айтып, әндерін домбырамен орындап, арнау өлеңдері шырқалды.

Ал, Шаяхмет Имашұлы Мұқағалидің 500-ден астам өлеңін жатқа білетінін айтып, ақынның өлмес жырларын сағынышпен, қимастықпен жеткізді.

"45 жылдай уақыт болды, содан Мұқағалидың өлеңдерін зерттеп, дәріптеп жүргеніме. Поэзия сен менімен егіз бе едің, білесіңбе мен сені неге іздедім" - деп бұл  түп тамыры өзіңнің қанынан, өзіңнің  жүрегінен шыққан ана тілің", - деді мұқағалитанушы Шаяхмет ИМАШҰЛЫ.