20 мамырдан бастап Нұр-Сұлтан мен Петропавл қалаларында сауда орталықтары мен қоғамдық моншалар қызметі іске қосылады

inform.kz
inform.kz
Алайда ойын-сауық алаңдары, фудкорттар, кинотеатрлар жұмысын бастамайды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қолайлы эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, Ведомствоаралық комиссияның шешімімен 2020 жылғы 20 мамырдан бастап Нұр-Сұлтан мен Петропавл қалаларында сауда-ойын-сауық орталықтарының, қоғамдық моншалардың қызметін іске қосу туралы шешім қабылданды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Алайда ойын-сауық алаңдары, фудкорттар, кинотеатрлар жұмысын бастамайды. Ол туралы бүгін Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен өткен Коронавирус инфекциясының пайда болуына және таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысында айтылды. 

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов өз мәлімдемесінде қарантин шараларын жеңілдету кейбір өңірлерде ауруды жұқтыру санын көбейтіп отырғанын айтты. Осыған орай, аймақтарда қызметіне қайта кіріскен объектілерде санитариялық талаптардың орындалуына қатаң бақылау ұйымдастыру тапсырылды. Бұдан бөлек, Ресейден 1 мыңдай Қазақстан азаматын, оның ішінде сол жақта оқитын студент жастарымызды елге қайтару  мәселесі қаралды.

Новости партнеров