Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасына 2 жыл. Осы аралықта ұлттық музыкамызды білім алып жатқан жастар санасына сіңіре білудің қай деңгейде екенін ұстаздар қауымы айтты.
Елбасы мақаласында «Елді сақтай білудің бір әдісі – ұлттық кодты жоғалтпау, онсыз жаңғыру дегеніңіз құр жаңғырыққа айналуы оп-оңай» деген болатын. Ал ұлттық кодымыздың түп тамыры ұлттық музыкада жатыр деген мұғалімдер қауымы музыкалық білім беру саласын жаңа тәсілдерді қолдана отырып халықаралық деңгейге жетудің жолдарын талқылады.
«Біздің негізгі мақсат – ұлттық музыканы жаңғырту арқылы, өнерімізді дәріптеу арқылы, ғасырлар бойы қаймағы бұзылмай келе жатқан қазақы үнді қазіргі ұрпақтың бойына сіңіре отырып, жастарды тәрбиелеу, ұлттық кодты қалыптастыру», - дейді Қазақ Ұлттық қыздар педагогикалық университетінің магистарнты Қанағат ЖАЛҒАСБАЕВА.