Қауымдастық 2018 жылы құрылған
Алматының Жауынгерлік өнер қауымдастығына жаңа басшы тағайындалды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Бұл қызметке Ұлттық қауіпсіздік қызметінің Алматы қаласы бойынша департамент басшысы, генерал-майор Мәжілов Нұрлан Тұрарбекұлы жайғасты. Қауымдастық ұйымдастырған кездесуде аталған салада атқарылған 2 жылдың қорытынды жұмыстары, жауынгерлік өнердің дамуы және алға қойылған мақсаттаh баяндалды. Брифингтің мақсаты – жастар мен жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын насихаттау және Олимпиадалық емес спорт түрлерінің халықаралық имиджін көтеру. Айта кетейік, аталмыш қауымдастық 2018 жылы құрылған. Ұйым құрамына олимпиадалық емес спорт түрлері бойынша 25 федерация кіреді. Ал Алматы қаласының өзінде 17 федерация аккредитациядан өткен.
«Маманның жоғары білікті болуы шарт. Себебі бұл балаларға қатысты жұмыс болғандықтан, қауіпсіздіктің алдын алған дұрыс. Біздің ассоциация, сәйкесінше осы бағытта жұмыс істейді. Бізде тек жаттықтырушылар ғана емес, сонымен қатар, реферилер мен спортшылар да лицензия алады», – деді Қазақстанның Жауынгерлік өнер қауымдастығының бас хатшысы Елхан Аманқұлов.